"Гимназия № 26" КММде кешегі күні еңбек ардагерлері мен гимназияның 10 сынып оқушылармен кездесу өтті,атап айтқанда ТрестКазмедстройдың ардагері,"Қазақмыстың құрметті еңбек ардагері" медальдарының иегері Исмағұл Әлмұхан Исмағұлұлы,"Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы" атағының төс белгісін алған Давыдов Борис Николаевич және КазМедьСтрой Трестінің меңгерушісі Ракутин Леонид Юрьевичпен әсерлі кездесу өтті.Бұл кездесу оқушылар үшін әсерлі болғаны сөзсіз,келешекте таңдайтын мамандықтарын айқындап,болашақта еліне адал қызмет ететін тұлғалар тәрбиеленіп шығуына үлкен,Зор үлестері қосты,алғысымыз шексіз! Көптеген ата - аналар әліппенің қайта енгізілгеніне байланысты қуаныштары мен алғыстарын жеткізді. Тамыры тереңде жатқан әліппе, балалардың әріпті тез үйренуіне оң әсер ететініне сенімді!