"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша КММ #26 Гимназияда: Подкаст Мектептегі блог жүргізу атты кездесу өткізілді. Бұл кездесуге қаланың мектеп президенттерімен,ақпарат фракциясының белсенділері және аға тәлімгерлер қатысты. Бұл кездесуде қатысушылар пікір алмасып,подкаст жазу форматының заманауи білім мен тәрбие жүйесінде қаншалықты маңызды екенін талқылады, quiz ойнатылып,түрлі интеллектуалдық ойындар ойналды,сонымен қатар оқушылардың шығармашылығын көрсететін видеоролик байқауы бойынша #8(1-орын),2(2-орын),1(3-орын) мектептер дипломмен марапатталып,қалған белсенді қатысушыларға сертификаттар берілді.









